Бүгінгі таңда азық-түлік қауіпсіздігі – елдің тұрақты дамуының басты шарты

Қ.-Ж. Тоқаев
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету - мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі және қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ететін фактор
Зерттеулердің басты мақсаты – азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге, өңірлердің осалдығын төмендетуге және елдің азық-түлік егемендігін нығайтуға бағытталған ғылыми негізделген тәсілдерді әзірлеу
Өзбекстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы тәжірибесін зерделеу қорытындылары бойынша есеп

Осы талдамалық есеп Өзбекстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы тәжірибесін кешенді зерделеу нәтижелері бойынша дайындалды.
Құжатта мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары, басқарудың институционалдық тетіктері, агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың заманауи тәсілдері, су және жер ресурстарын ұтымды пайдалану, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған.
Есепте ауылдық аумақтарды орнықты дамыту, ауыл шаруашылығына инновациялық технологияларды енгізу, саланы цифрландыру, халықты сапалы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету және ұлттық азық-түлік қауіпсіздігі жүйесін нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылған.
Зерттеу нәтижелері бойынша Өзбекстан Республикасының тәжірибесіне салыстырмалы талдау жүргізіліп, оларды Қазақстан Республикасында, ең алдымен шекара маңы өңірлерінде бейімдеу мүмкіндіктері қарастырылды. Мемлекеттік саясатты жетілдіруге және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған практикалық қорытындылар мен ұсынымдар тұжырымдалды.

Түркия Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы тәжірибесін зерделеу қорытындылары бойынша есеп

Осы талдамалық есеп Түркия Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аграрлық азық-түлік секторын орнықты дамыту саласындағы тәжірибесін зерделеуге арналған.
Есепте мемлекеттік аграрлық саясаттың ерекшеліктері, ауыл шаруашылығы өндірісін қолдау тетіктері, экспорттық әлеуетті дамыту, азық-түлік нарықтарын жетілдіру, сондай-ақ азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жүйесі зерттелген.
Құжатта ауыл шаруашылығын жүргізудің заманауи технологиялары, су ресурстарын тиімді басқару, аграрлық ғылымды дамыту, ауыл шаруашылығын цифрландыру, сондай-ақ Түркияның агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру құралдары қарастырылған.
Жүргізілген талдау негізінде Қазақстан Республикасы үшін практикалық маңызы бар ең тиімді тәжірибелер айқындалды. Азық-түлік қауіпсіздігін нығайтудың стратегиялық бағыттарын әзірлеу, шекара маңы өңірлерін дамыту және ұлттық азық-түлік жүйесінің орнықтылығын арттыру кезінде шетелдік тәжірибені пайдалану жөнінде ұсынымдар әзірленді.

Шекаралық аймақтар
Made on
Tilda