Шекаралық өңірлердің азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы стратегиялық зерттеулер орталығы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында құрылып, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті қолдаған «Қазақстанның шекаралық аймақтарында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру: шақырулар мен шешу жолдары» атты ғылыми жобаның жүзеге асырылуы аясында жұмыс істейді.
Орталықтың негізгі мақсаты – шекаралық аймақтарда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, агро-өнім жүйелерінің тұрақтылығын арттыру және осы саладағы мемлекеттік саясатты дамытуға бағытталған кешенді ғылыми зерттеулер жүргізу.
Орталық ғылыми-аналитикалық алаң ретінде қызмет атқарып, зерттеушілерді, сарапшыларды, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдерін біріктіріп, өзекті мәселелерді талқылау және практикалық шешімдер іздеуге мүмкіндік береді.
Орталықтың негізгі қызмет бағыттары:- Жаһандық және өңірлік азық-түлік тенденцияларын зерттеу;
- Азық-түлік қауіпсіздігі саласында стратегиялық талдау жүргізу және болжамдар жасау;
- Мемлекеттік органдарға ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеу;
- Халықаралық серіктестікті дамыту және тәжірибе алмасу;
- Ғылыми конференциялар, дөңгелек үстелдер және сараптамалық кездесулер өткізу;
- Ғылыми жарияланымдар, аналитикалық есептер және әдістемелік материалдар дайындауға жәрдемдесу.
Орталық Қазақстан мен Орта Азия аймағында азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша жетекші зерттеу платформасына айналуға ұмтылып, ғылыми білімді мемлекеттік саясатты қалыптастыру және шекаралық аймақтардың тұрақты дамуын қамтамасыз ету процесіне интеграциялауға септігін тигізуді мақсат етеді.