Бүгінгі таңда азық-түлік қауіпсіздігі – елдің тұрақты дамуының басты шарты

Қ.-Ж. Тоқаев
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету - мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі және қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ететін фактор
Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


Құрметті әріптестер!


Шекара маңы өңірлерінің азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы стратегиялық зерттеулер орталығы ғалымдарды, оқытушыларды, зерттеушілерді, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, ғылыми-зерттеу мекемелерінің, жоғары оқу орындарының, сарапшылар қауымдастығының, бизнес өкілдерінің, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін, докторанттарды, магистранттарды және жас ғалымдарды конференцияға қатысуға шақырады.
Конференция 2026 жылғы 30 қазанда «Қазақстанның шекара маңы өңірлерінің азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру: сын-қатерлер мен оларды шешу жолдары» ғылыми жобасы аясында аралас форматта (офлайн және онлайн) өтеді.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері.

Конференция туралы
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының, халықтың өмір сүру сапасын арттырудың және мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін сақтаудың маңызды шарттарының бірі болып табылады. Климаттың өзгеруі, табиғи ресурстардың шектеулілігі, цифрлық технологиялардың дамуы, аграрлық азық-түлік жүйелерінің трансформациясы және әлемдік нарықтардың тұрақсыздығы сияқты қазіргі жаһандық сын-қатерлер ғылымның, мемлекеттің, бизнестің және халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіруді талап етеді.
Конференция азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылауға, ғылыми зерттеулердің нәтижелері мен практикалық тәжірибемен алмасуға, агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың заманауи тәсілдерін қарастыруға және осы саладағы мемлекеттік саясатты жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды әзірлеуге арналған ғылыми-практикалық алаңға айналады.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары
  • азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясат;
  • азық-түлік қауіпсіздігі – ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы;
  • агроөнеркәсіптік кешенді және тұрақты азық-түлік жүйелерін дамыту;
  • ауыл шаруашылығын цифрлық трансформациялау және заманауи ақпараттық технологиялар;
  • су ресурстарын ұтымды пайдалану және климаттың өзгеруі;
  • шекара маңы аумақтарын дамыту және трансшекаралық ынтымақтастық;
  • аграрлық саладағы инновациялар және тұрақты дамуды қамтамасыз ету;
  • азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің халықаралық тәжірибесі.
Конференция қорытындысы
Конференция қорытындысы бойынша конференция материалдарының жинағын шығару, азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге, халықаралық ғылыми ынтымақтастық пен зерттеу бастамаларын дамытуға бағытталған қорытынды ұсынымдар әзірлеу жоспарланып отыр.
Конференцияға азық-түлік қауіпсіздігі, тұрақты даму, мемлекеттік басқару, агроөнеркәсіптік кешен және халықаралық ынтымақтастық мәселелерімен кәсіби түрде айналысатын барлық мүдделі мамандар қатысуға шақырылады.
КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ
КОНФЕРЕНЦИЯ МАТЕРИАЛДАРЫН РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
КОНФЕРЕНЦИЯ БАҒДАРЛАМАСЫ
Made on
Tilda